Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында балалар үшін Президенттің шырша мерекесі өткенін мәлім етті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
«Мереке күндері балаларға арнап жаңа жылдық шыршалар өткіземіз. Мемлекет басшысының атынан шырша мерекесіне 200 бала шақырылды. Олар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Балалар үшін түрлі-түске боялған шоу-қойылым ұйымдастырылды. Жаңа жылдық сыйлық ретінде киім, жұмсақ ойыншықтар, спорттық рюкзактар және т.б. сатып алуға болатын сертификаттар табысталды. Балаларға арналған шырша мерекесін аудан әкімдіктері де ұйымдастырады. Әрбір отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақыт, табыс және армандарының орындалуын тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыз бен ата-аналарымыздың жағдайын жасауды жалғастыра береміз!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?