Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, оқуда, спортта жетістікке жеткен 100-ге жуық балаға дәстүрлі президент шыршасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оларға арналған түрлі қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы атынан қонақтарды оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтады.
Мемлекет басшысы арнайы жылдың басында үлкен бір қуанышты сәтті сый ретінде сіздерге тарту етті. Бір жыл бойы өздеріңізге белгілі, 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні мемлекетіміз сіздерге заманауи мектептерде оқуға мүмкіндік тудыру үшін жайлы мектеп жобасын іске асып жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік қолдауының арқасында біздің балаларымыз да көптеген жетістіктерге жетіп жатыр. Биылдың өзінде 500-ден аса оқушымыз әлемдік олимпиадалардан жүлделі орындармен келді, - деді министр.
Шара барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Сондай-ақ шыршаға қатысушылар үшін Астана қаласында арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Олар бас қаланың көрікті жерлерін аралап, жаңа жылдық спектакльдерді тамашалады.
Президент шыршасына қатысып жатқан оқушылардың көңіл күйі ерекше. Кеште ерекше образымен көзге түскен оқушының бірі – Әли Құдияров. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Қулыкөл ауылынан келген.
Бүгінгі шырша ұнап жатыр. Көңіл күйім керемет. Үстімдегі киімді ата-анам, мұғалімдермен бірігіп осы шыршаға жасадық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жеті атам жазылған арнайы жазу бар. Қатарластарыма айтарым: сабақты жақсы оқып, тәртіпті болыңдар. Болашақша бизнесмен болғым келеді, – деді ол.
Бүлдіршіндерге ел президенті атынан жаңа жылдық сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, президенттік шырша еліміздің барлық өңірінде өтті. Оған 4 мыңнан аса бала қатысқан.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?