7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанадағы «Хан Шатыр» сауда орталығында қазақстандық полицейлердің жұмысына арналған фотокөрме өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан полициясы күніне арналған галереяда тәулік бойы азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы көрсетілген.
Бұл азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба.
Суреттер: ©El.kz/Ербол Бекболат
Полицейлердің жұмысы қылмыскерлерді ұстаумен және қылмыстарды ашумен шектелмейді. Учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қызметкерлері кез келген төтенше жағдайда көмекке келеді. Бұған су тасқынына қарсы іс-шаралар, орман өрттері кезіндегі полицияның жұмысын көрсететін фотосуреттер дәлел бола алады.
Сондай-ақ фотобейнелер қазақстандық полицияның күнделікті профилактикалық жұмысын көрсетеді. Балаларды қорғау, аулалардағы қауіпсіздік, жолдардағы және қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіп ерекше назарда. Жануарлар да қылмысқа қарсы тұруға айтарлықтай үлес қосады.
Аумақтық полиция бөліністерінің суреттері өздерінің «тәлімгерлерімен» жұмыс істейтін қызметтік жануарлар туралы әңгімеледі.
Фотокөрме ІІМ Ұлттық ұланы оркестрінің музыкалық композицияларымен сүйемелденді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?