Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорда полицейлері құймақ сататын дүңгіршекке түскен ұрыны ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дүңгіршікке басып кіріп, телефон ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтаған.
Ер адам таңғы сағат 05.30 шамасында Абылайхан даңғылымен кетіп бара жатып, көшедегі тұрған құймақ сататын дүңгіршекке көзі түседі. Оңай олжа іздеген қаскүнем іс-әрекетін байқап тұрған куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, ішке кіреді. Ол кассадан ОРРО телефонын алып, ізін суытқан. Кейін ұрланған гаджетті кездейсоқ адамға сатып жіберген, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?