23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«102» арнасы бойынша көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз азамат 8-қабаттың терезесінен секірмекші болғаны туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құрамында полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков бар автопатрульді оқиға орнына жетті. Полицейлер келгенде ер адам балкон терезесінде қолымен асылып тұрғанын байқаған.
Тәртіп сақшылары еденге көтеріліп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды қолынан ұстап, ішке тартып кіргізген. Осы кезде мас күйінде болған ер адам қатты айқайлап босатуды сұраған.
Біз экипаж мүшесі ретінде балконда асылып, төменге секірмекші болған ер адам тұрған жерге бірден жеттік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оның қолынан ұстап, пәтерге кіргіздік, - дейді Асылхан Молдағалиев.
Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады