23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласының полициясына жергілікті тұрғын жүгінді. Ол өзінің 33 жастағы әпкесі жоғалып кеткенін хабарлаған. Айтуынша, әпкесі танысымен бірге қала сыртында демалуға кеткен және бір тәуліктен бері үйіне оралмаған. Жоғалған әйелді іздеу бойынша бағдар барша полиция бөлімшелеріне дереу жолданды. Анықталғандай, таза ауада демалып отырған сәтте әйел танысымен сөзге келіп, сол жерден жаяу кетіп қалған. Кейін, түнгі 11-ден кейін оның телефоны сөндірулі болған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақмола облысы ТЖД мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде, бір тәуліктен соң жоғалған әйел табылды. Ол беліне дейін батпаққа батып қалған. Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, қызды лайдан шығарып алған соң, дәрігерлерге тапсырды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жоғалған әйел тірі және дін аман табылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады