23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада параүстел теннисінен алғаш рет ITTF Fa20 Astana para open 2024 турнирі басталды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, 1-3 наурыз аралығында өтетін жарыста әлемнің 18 елінің ең үздік параспортшылары бақ сынап жатыр. Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары Елена Прокофьева (Ресей), Уилл Бэйли (Ұлыбритания), Алена Канова (Словакия), Лондон Паралимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Томми Урхайг (Норвегия) және бірнеше Паралимпиада, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар.
Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.
Параүстел теннисінен турнир тұңғыш рет Астанада ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз. Әлемнің 20-ға жуық елінен 150-дей ең үздік спортшы қатысып жатыр. Бәріңізге сәттілік тілеймін! - деді елорда әкімінің орынбасары Е.Байкен.
Айта кетейік, ITTF Fa20 para open деңгейлі турнир жылына 14 рет ұйымдастырылады. Оның 4-еуі Париж Паралимпиадасына ұпай жинайтын жарыс саналады. Ал Астанадағы бәсеке Паралимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін дода болып саналады.
Қазақстан атынан 11 санат бойынша 53 спортшы сынға түсіп жатыр.
Астанада осындай деңгейдегі турнирдің өткеніне қуаныштымын. 9-санаттағы қарсыластарым өте мықты. Әсіресе, Аустралиядан келген Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Мелисса Тапперді ерекше атар едім. Бұйыртса, чемпион атануға барымды саламын, - дейді турнирдің ең жас қатысушыларының бірі елордалық Алтынай Ержанқызы.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік