Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр16-17 желтоқсан күндері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры «Парасат майданы» спектаклінің премьерасын ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Парасат майданы» – адамның ішкі әлемі мен рухани құндылықтары туралы сыр шертетін психологиялық драма. Қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдік шығармаларының негізінде («Оң қол» және «Парасат майданы») сахналанған. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева. Қоюшы және киім суретшісі – Шынар Елембаева. Хореограф – Карина Жиренбаева.
Спектакльдің негізгі өзегі – адамның өз-өзімен күресі, қоғамдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы және ақиқаттың тереңіне үңілу. Басты кейіпкер – жалғыздық пен ішкі қайшылықтың құрбанына айналған жан. Ол адамдар арасындағы әділетсіздікке қарсы үн қатып, қоғамның қатал жүйесіне қарсы тұруға тырысады.
Сурет: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры
Қойылым барысында көрермендер рухани құндылықтар мен материалдық әлемнің қайшылықтарын, адам болмысының күрделілігін, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырату мәселелерін терең сезінеді.
«Парасат майданы» – адамның рухани биігіне жету жолындағы күресін бейнелейтін, көрерменді ойландыратын, өмірдің шынайы мәнін іздеуге жетелейтін туынды.
Спектакльде басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл сомдайды. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Нөгербек, Боранбай Молдабаев, «Медениет саласының үздігі» Асхат Сұлтан, Жанар Қасымова, «Мәдениет саласының үздігі» Дастан Әлімов және Нұрсұлтан Есен, Заңғар Әбенов, Айкөркем Тұранова, Нұрбек Съезхан, Марғұлан Наменов, Руслан Әлішев, Саида Сағынова, Нұрхан Қосанов, Еңлік Айымғазы, Гауһар Исмайылқызы сынды театр жастары қатысады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова