30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанадағы №91 мектеп-гимназиясында этно-лагерь аясында «Оюлар жырлайды» атты этнофестиваль өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, іс-шараға қаладағы өзге мектептегі лагерьлерден балалар қатысты.
Жаз басталғалы бері балаларға салт-дәстүрді, насихаттап, олардың бойына елжандылықты қалпыптастырып келеміз. Мұндағы мақсат – олардың бойына ұлттық құндылықты сіңіру және тереңірек түсіндіру. Бүгінгі фестивальге 1-8-сынып аралығындағы оқушылар қатысып жатыр. Жалпы балалардың қызығушылығы өте жақсы, - деді №91 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлшат Елеукенова.
Мұнда арнайы киіз үй құрылған. Ал іші ерекше безендіріліп, қажетті заттар қойылған. «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени қоғамдық қорының ақ кимешекті әжелері құрақ көрпе тігіп, ұршық иірді.
Ал сыртта балалар тоғызқұмалақ ойнап, ауылдағыдай ләңгі теуіп, асық атты.
Маған жазғы этнолагерь ұнайды. Себебі мұнда қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындармен танысамыз. Әжелер мен тәрбиешілер бізге қолөнермен айналысуға үйретеді. Сондай-ақ олар оюлардың түрлерімен таныстырып, құрақ көрпе тігуді көрсетті, - дейді №91 мектеп-гимнаизясының 6-сынып оқушысы Аиша Гастелло.
Биыл жазғы демалыстың барлық түрімен 1-10 сыныптардың 200 мыңнан астам оқушысы қамтылатынын атап өткен жөн.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды