23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Елордада «Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбындағы екі күндік семинар аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және «Медиа Даму коры» КҚ ұйымдастырған іс-шара БАҚ-пен өзара іс-қимылды жақсартқысы келетін мамандарды жинады.
Семинар Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің қызметкерлеріне БАҚ-пен жақсы қарым-қатынас жасауға, заңнамалық бастамаларды түсіндіруге, халыққа сенімді және уақтылы ақпаратты жеткізуге бағытталған.
Спикерлер ретінде мемлекеттік мекемелердің өкілдері, тәжірибелі медиатренерлер және стратегиялық, дағдарыстық коммуникациялар саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Олар қатысушылармен көпшілік алдында сөйлеу, ұйымдардың жұмысын ілгерілету және дағдарысқа қарсы коммуникацияларды басқару бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.
Семинар соңында барлық қатысушылар бағдарламаны сәтті меңгергенін растайтын сертификаттар алды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік