28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы Конституция күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін аясында дәстүрлі отбасылық институтын насихаттау, отбасы құндылықтарын түсіндіру, отбасылық қатынастарды нығайту бойынша әлеуметтік желідегі отбасылық байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, отбасылық эстафетаға 35 жасқа дейінгі елордалық жас отбасылардан elorda_otbasy@mail.ru электрондық поштасына өтінімдер келіп түсті. Жас отбасылар Instagram желісінде өткен байқауда бақ сынады.
Жеңіске жеткен үздік 20 жеңімпаз Сабалақовтар, Исапар, Нашировтар, Заманбековтер, Құлшар, Есенжоловтар, Ермековтер, Исабай, Садықовтар, Әлжановтар, Махметовтер, Ибрагимовтар, Жүнісбаевтар, Байсейітовтер, Ембергеновтер, Әбіт, Айтпаевтар, Досмағамбетовтер отбасына 25 мың теңгеден сертификаттар, дипломдар, арнайы гүл шоқтары, мүсіншелер табысталды.
Әлеуметтік желідегі отбасылық байқаудың марапаттау салтанаты Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев, Астана қаласы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова, Астана қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері – Сания Ирсалиева, Клара Өмірзахова, Ата-ана мен мектеп байланысы жөнінде сарапшысы, «Tolyq Adam» Оқыту орталығының жетекшісі Шерхан Арапбай секілді т.б. қатысуымен өтті, - делінген мәліметте.
Алдағы уақытты «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенінде жас отбасылар арасында мәдениет, ұлттық дәстүрлер мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Үздік жас отбасы-2024» конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Белсенді жас отбасылар жоба соңында бағалы және пайдалы сыйлықтармен марапатталады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?