Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыEXPO халықаралық көрме орталығында 16-18 мамыр аралығында отандық өндірушілердің жыл сайынғы «ULTTYQ ÓNIM» VIII көрмесі өтеді. Өз өнімдерін Қазақстанның барлық өңірінен 350 кәсіпкер ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, көрмеде тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап машина жасау, жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейінгі түрлі өнімдер ұсынылады.
Қатысушы компаниялар өңірлік тиесілілігіне сәйкес ұсынылатын болады, бұл әрбір өңірге кәсіптегі жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Қосымша «ULTTYQ ÓNIM» аясында жетекші қазақстандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша форум өтеді, онда бизнес үшін өзекті мәселелер, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер талқыланады, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ көрме аясында «Халық Таңдауы» атты дегустациялық байқау, жетекші қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлерге арналған киім топтамалары, кәсіпкерлердің мастер кластары, ұтыс ойындар және концерттік бағдарлама өтеді.
Көрме 16-18 мамыр аралығында ЭКСПО халықаралық көрме орталығында өтеді. Жұмыс уақыты: 9:00-ден 18:00-ге дейін (бірінші күн), 10:00-ден 18:00-ге дейін (келесі күндері).
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады