6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер27 сәуірден бастап Астанада атаулы (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын шығару және қайта шығару уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Cts.gov.kz мәліметінше, бұған көлік карталарын жеткізушіде логистика бойынша туындаған қиындықтар себеп.
Орталық кассада, Р.Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша азаматтардың жеңілдікті және мектеп санаттары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайта шығаруға құжаттар ғана қабылданады. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде пайдалануға арналған көлік карталары жеткізілгеннен кейін карталар шығарылып, өтініш берушілердің мекенжайларына тегін жеткізіледі, - делінген мәліметте.
Компания жеңілдікті немесе мектеп көлігі картасын алғанға дейін пайдаланушыларға талон берілетіндігін ескертті.
Талонды қоғамдық көлікте пайдалануға және көліктік бақылау қызметкерлері тексеруі кезінде көрсетуге болады, - делінген ресми ақпаратта.
Ал атаулы карталарды шығару жөніндегі қызметтің қайта басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі