Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада мүгедектігі бар адамдардың білім алумен қатар, спорттық іс-шаралар мен жаттығуларға қатысуы үшін арнайы құрылған жаңа оқу-жаттығу орталығының құрылысы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жаңа оңалту орталығы спорттық, медициналық, әкімшілік және тұрғын аудандарды қамтиды. Орталықтың спорттық инфрақұрылымы шағын футболға, отырып ойнайтын волейболға және арбадағы баскетболға арналған көпфункционалды залды, жаттығу залын қамтиды. Медициналық аумақ физиотерапия, массаж және жылумен емдеу кабинеттерімен жабдықталады.
Орталық 100 адамға арналған және ыңғайлы жағдайда жаттығулар өткізіп, жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу орталығы спорттық даму, оңалту және әлеуметтік интеграция үшін мүмкіндіктер бере отырып, елорданың жаңа әлеуметтік маңызды нысанына айналады, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды дамыту аясында елордада көпфункционалды оқушылар сарайы ашылады, ол жастардың білім беру және шығармашылық жобалары үшін маңызды алаңға айналады. Жаңа нысан апатты деп танылған «Атамекен «Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің орнына салынатын болады.
Жобаға сәйкес, оқу-жаттығу орталығы Орталық саябақта, Ұлттық теннис орталығы мен Дендроорталыққа жақын жерде орналасады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары