6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы жылғы 2-4 сәуір аралығында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, аты аңызға айналған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалін өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фестивальдің мақсаты – көрнекті композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық музыка өнерінің дамуына ықпал ету, жас музыканттарға қолдау көрсету және өңірлік өнер ұжымдарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Фестиваль аясында қазақ музыкасының алтын қорына енген «Құстар әні», «Өз елім», «Аққу», «Ата толғауы», «Жан сәулем» және басқа да шығармалар орындалады.
Мәдени іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары және еліміздің әр өңірінен келетін шығармашылық ұжымдар, БАҚ өкілдері мен өнерсүйер қауым қатысады.
Фестиваль өтетін күндері Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда аңыз тұлғаның туындылары талқыланады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі