23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада №3 көпбейінді қалалық аурухананың мамандары плацентаның толық ауытқуымен орналасуы байқалған науқасқа бірегей ота жасады, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мұндай жағдайда қан кетудің, ана мен бала өлімінің қаупі жоғары. Соңғы уақытқа дейін дәл мұндай диагноздан кейін пациенттер босанғаннан соң жатырын алып тастайтын. Бірақ 2015 жылдан бастап 3 КҚА-ның акушерлік блогында, м.ғ.к., АМУ-нің Акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Зайтуна Хамидуллинаның жетекшілігімен ағзаны сақтап қалу операциясының техникасы енгізілді.
Айта кету керек, мұндай операциялар бүгінде әлемнің бірнеше клиникасында ғана жасалады.
Пациент жүктілік кезінде диагнозы туралы біліп, 3 КҚА-дағы орталыққа жүгінді. 34 апта ішінде қан кеткен науқасқа жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, PhD докторы Айгүл Дүйсембаева ота жасады. Дәрігер күні бүгінге дейін дәл осындай 15 ота жасаған.
Операциялық топ 3 акушер-гинеколог, екі уролог, екі хирург, екі анестезиолог, екі операциялық мейірбикеден құралған.
Операция 2,5 сағатқа созылып, сәтті өтті.
Бүгінгі таңда ана мен баланың өміріне ештеңе қауіп төніп тұрған жоқ, екеуі де отадан кеінгі ерте қалпына келтіру кезеңінде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік