28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарНұра ауданының әкімдігі аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, рейд аясында олар аудандағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды.
Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі. Сауда нүктелерінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.
Ауданымызда мониторингтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 16 дүкен тексерілді. 2 нысанда заңбұзушылықтар анықталып, ол үшін дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз барлық кәсіпкерге тыйым салынған тауарларды сатпау мәселесін ескертеміз, - деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.
Жедел профилактикалық іс-шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде. Рейдте жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері тексеріледі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?