Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикетке шыққан жаңаөзендік мұнайшылар бүгін үйлеріне қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мұнайшылар арнайы видео үндеу жасады.
Біз дін аманбыз, деніміз сау, балаларымыз түгел. Бұйырса, ауылымызға аттанамыз. Еш уайымдамаңыздар. Барша Маңғыстау мұнайшыларына алғыс білдіреміз! - деп мәлімдеді белсенді азамат.
Айтуларынша, іштерінен 10 адам “ҚазМұнайГазбен” келіссөз жүргізу үшін Астанада қалады.
Кеше Астанаға келген жаңаөзендік мұнайшыларды тәртіп сақшылары ұстаған болатын. Түн ортасынан ауғанда мұнайшылардың бірі өздерін босатып жатқанын мәлімдеп, видео жолдады.
Айта кетейік, сәуірдің 10-ы күні Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсететін мердігер «Берәлі Маңғыстау» компаниясының 70-ке жуық бұрынғы жұмысшысы жиналды. Ал сейсенбі күні олардың саны екі есеге көбейді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды