Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада қаланың сыртқы келбетін бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес келтіру жұмысы жүріп жатыр. Жыл басынан бері талаптарға сай келмеген 1000-ға жуық жарнама тақтайшасы алынып тасталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізуде. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндірулер жүргізіледі, сол сияқты дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.
Елорданың бірыңғай архитектуралық-көркемдік келбетіне «Астана-Жарнама» КММ жауапты, сондай-ақ мекеме қала аумағында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаға мониторинг жүргізеді.
Жыл басынан бері ғимараттар мен құрылыстардың 161 қасбетіне тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін және Астананың бірыңғай сәулеттік келбетін бұзатын сыртқы жарнаманың 1000-ға жуық элементі алынып тасталды.
Мекеме қызметкерлері 1238 кәсіпкерлік субъектісін қабылдады, оларға ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін сәулеттік-көркемдік безендіру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді;
Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері белгілерінің 564 эскизі қаралды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары