30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлордада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 16 ақпан күні «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен Қазақконцертте қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазағым-ай» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қысқа ғұмырында сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырған ақынның шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған әдеби-музыкалық кеште көрермен назарына Мұқағали Мақатаевтың халық арасында кеңінен таралған шығармалары ұсынылады.
Оқи отырыңыз:
Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағанбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Нұрболат Арзамасұлы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, Қайрат Айтбаев, Дінисламбек Жайлаубай, Перизат Тұрарова сынды айтулы өнер майталмандары мен талантты жас өнерпаздар және «Saz&Soul» тобы, «ГҮЛДЕР» ансамблі, «Astana Musical» мемлекеттік театры өнер көрсетеді.
Кеш қонақтары – Жанқалдыбек Төленбаев, Серікзат Дүйсенғазы, жүргізушісі – Жасұлан Наурызбайұлы.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды