23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕсіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысына күдікті 21 жастағы азаматты құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында ұсталған азамат зейнеткерден бірінші қарызға ақша сұраған, кейін зейнетақысының көп мөлшерде жиналғанын білген.
Осылайша мүмкіндігі шектеулі әжейдің банк қосымшасын өзіне жүктеп, зейнетақысын алып отырған. Күдіктінің жәбірленушіге келтірген шығын көлемі шамамен – 5,5 млн теңге.
Ұстағалған жігіт ұрлаған ақшаның бәрін жұмсап жіберген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады