1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды. Ол «Бірлік жүгірісі» қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, республикалық «Жомарт Жан» орталығының басшысы Евгений Больгерт, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғамдық белсенділер қатысты.
Алаң Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және оның 30 жылдығына орай 2025 жылғы 1 мамырда өткен «Бірлік жүгірісі» қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды. Жоба ҚХА-ның «Жеңіс – бірлікте» спорттық платформасы аясында жүзеге асырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жалпыұлттық қозғалыстың маңызды бөлігіне айналды.
Астанадағы алғашқы спорт алаңының ашылуы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын ізгі дәстүрдің бастауына айналды. Бұл жоба шынайы маңызды өзгерістердің ынтымақ пен бірлескен күш-жігерден басталатынын дәлелдеді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?