10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде Б. Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 27-29 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде 28 шілде күні (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарлануда.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді