2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлорданың Достық үйі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Мейірімділік пен естелік эстафетасы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, іс-шара аясында тыл еңбеккерлерін алдағы мерекемен құттықтап, Жеңіс жолында қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, 30 азық-түлік себетін табыс еткен
Акцияға елордалық ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшесі Бақытжан Ерсаев, Владимир Божко, қалалық ҚХА мүшелері мен жастары, Астана әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Акцияға қатысушылар еңбек ардагерлерінің үйін аралап, оларға естелік сыйлықтар табыстады.
Осы акцияның қатысушыларына арнайы құттықтап келіп, сыйлықтар табыс еткені үшін алғыс айтамыз. Бүгінгідей керемет көңіл-күйде патриоттық әндер есіме түсіп отыр. Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен, мерекенің 80 жылдығымен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, игілік, өмірде сәттілік және ел игілігі жолында атқаратын жұмыстарыңызға үлкен күш тілеймін, - деді тыл еңбеккері Надежда Кириленко.
Іс-шара өз өмірін құрбандыққа тігіп, еңбегімен Жеңісті жақындатқандарға тарихи естелік пен құрметтің маңыздылығын еске салды.
Біз тарихқа, яғни бізге бейбіт өмір сыйлап кеткен ата-бабаларымыздың рухына тағзым етеміз. Бүгін жастармен бірлесіп, еңбек ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтадық. Елордалық ҚХА-ның жастары аға буынмен бірге осындай акцияларға белсенді қатысқаны қуантады. Бұл – еліміздің болашағы үшін үлгі боларлық іс, - деп атап өтті Бақытжан Ертаев.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова