Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Астанада қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Жастар сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турының жеңімпаздарын марпаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарыстың қортындысы бойынша Алматы ауданынан «Үлгілі отбасы» номицациясының иегері – Сатыбаевтар отбасы болса, «Өнегелі отбасы» номинациясымен Широкорадовтар отбасы марапатталып, жеңімпаз Сәмек әулеті болды.
Байқоңыр ауданы бойынша Красниковтер шаңырағы «Салауатты отбасы» номинациясына ие болса, Көптілеу әулеті «Ұлағатты отбасы» деп танылды. Ал Қуановтар отбасы Байқоңыр ауданы бойынша жеңімпаз деп бағаланды.
Есіл ауданының номинаттарының ішінен «Қайсар отбасы» номинациясына Рахимжановтар шаңырағы лайық деп табылса, Базарбай әулеті «Зерек отбасы» номинациясына ие болды. Жеңімпаз – Свановтар отбасы деп танылды.
Сондай-ақ, Сарыарқа ауданы бойынша ең патриот отбасы – Дауыл отбасы болса, ең парасатты отбасы Нурбалиндер жанұясы, жеңімпазы – Сембаевтар әулеті болды.
Нұра ауданы бойынша арнайы аталымға ие болған Бибосыновтар отбасы болса, аталған ауданның ең дарынды отбасы номинациясы Ермағанбеттер жанұясына берілсе, бұл аудан бойынша жеңімпаздық Қонақбаевтар отбасына бұйырды.
Ал мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан Адилбаевтар отбасы Астана қаласы бойынша жеңімпаз деп танылып, «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының Республикалық сайысына жолдама алды.
Бұл отбасы ұлттық құндылықтарды басты назарда ұстап, отбасының ең басты құндылықтары ретінде ұлттық спорт, ұлттық киім, ұлттық тағамды көрсеткен. Аталған отбасының балалары да осы бағытта тәрбиеленіп, қоғамға ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр.
Бұл ұлттық байқау 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер