Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Наурыз базары» жәрмеңкесі жұмысының екінші күні ЭКСПО халықаралық көрме орталығына 42 мың адам келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан астанасына зергерлер, қыш шеберлері, керамика, тас және т.б. мамандары, сол сияқты кілем тоқу бойынша сарапшылар, Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдерінен халық музыкалық аспаптарын жасаушылар жиналды.
«Наурыз базары» жәрмеңкесіне қатысушылар этностильдегі киім топтамаларының, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттарды, кәдесыйларды ұсынды.
Еліміздің өңірлерінен келген фермерлер азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім, оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т.б. әкелді.
«Наурыз базары» аясында шығыс тағамдары фестивалі өтіп жатыр, онда астаналықтар мен қонақтар наурыз көже, палау, бауырсақ және басқа да ұлттық мерекелік тағамдардан дәм татты.
22 наурызда жәрмеңке барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап 1,7 тоннадан астам палау және 500 литрден астам наурыз көже дайындалды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?