Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы"Қалалық көлік жүйелері" компаниясы алдағы демалыс күндері елордада автобустардың қалай жүретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компанияның Instagram-дағы парақшасында алдағы мереке күндері елордалық қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі жарияланды: 31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді. Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00 - 23:00) жүреді; 1 қаңтар Сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді; экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді. 2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз; 5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді. 7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді. "Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді. Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз!", - делінген хабарламада.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді