Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұрбан айт мерекесін атап өту аясында 7-8 маусым күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да көптеген тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 7 және 8 маусым күндері таңғы 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында («Рио-де-Жанейро» ТК қарсы бетінде) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.
Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайлылығы үшін маңайдан №2, 32, 49, 50 және 73 бағытындағы автобустар өтеді, бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы қатынасты қамтамасыз етеді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі