23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиын «Мемлекеттік рәміздер: біріктіруші күш және заманауи мән-мағына» тақырыбына арналып, іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.
Кездесуде Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, ел бірлігін нығайту және азаматтық сананы оятудағы рөлі кеңінен талқыланды. Спикерлер мемлекеттік рәміздер тарихи кезеңдерде елдің тұтастығын сақтап қалуға ықпал етіп, ұрпақтан ұрпаққа тәуелсіздік, патриотизм және жауапкершілік құндылықтарын жеткізетін символ екенін атап өтті.
Отырыс аясында қатысушылар рәміздерді жастар арасында насихаттаудың жаңа тәсілдері туралы пікір алмасты. Әсіресе, білім беру және ақпараттық құралдарды жаңғырту, цифрлық, мәдени кеңістікте мемлекеттік рәміздердің заманауи қолданысын арттыру мәселелері көтерілді.
Қатысушылар бұл үдерісті өткен мен бүгінді сабақтастырып, патриотизмді саналы таңдау ретінде қалыптастыру жолы деп бағалады.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік, мәдени және ақпараттық саясаттағы орнын күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл бастамалар ұлттық сана мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған келесі қадамдардың негізіне айналады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік