10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы 5-6 тамызда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, «Медиа дамыту қоры» КҚ-мен бірлесіп, «Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбында курс өткізеді. МО және ЖАО-ның БАҚ-пен өзара байланыс орнату жөніндегі уәкілетті тұлғалары (бөлімшелер) үшін арнайы бағдарлама әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, іс-шара уәкілетті тұлғалардың жұмыс сапасын арттыруға, мемлекеттің заңнамалық және өзге де бастамаларын мазмұнды түсіндіруге, БАҚ арқылы халықты сенімді ақпаратпен уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші медиа жаттықтырушылар, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар саласындағы мамандар сөз сөйлейді.
Оқыту курсы мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ.,ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Абай даңғ., 33А, Көк зал.
Курс бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында жарияланған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді