Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада көлік полицейлері гашиш өткізген медицина қызметкерін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"ІІМ Көліктегі полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әскери бөлімнің арнайы мақсаттағы және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп, Астана қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін елордалық ауруханалардың бірінде медицина қызметкері ұсталды", - делінген хабарламада.
Медициналық ұйымдағы жұмыс орнын тінту кезінде ұсталған азаматтың жеке шкафында ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар төрт полиэтилен орамы тәркіленген.
"Ол жалпы салмағы 240 грамнан астам гашиш есірткі заты болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аса ірі мөлшерге жатады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар