23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді6-8 қыркүйекте Астанада алғаш рет «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конференция барысында хирургияның өзекті мәселелері бойынша Орталық Азияның, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу, спутниктік симпозиумдар өткізу, қазақстандық тәжірибеге онкологтардың халықаралық тәжірибесін кеңінен енгізу және танымал етуге бағытталған стендтік баяндамалармен танысу және талқылау жоспарланған.
Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер қатысады деп күтіліп отыр. Конференцияда келесі мәселелерді талқылау жоспарланған: денсаулық сақтау және медициналық құқық, радиациялық онкология және ядролық медицина, онкологиядағы дәрілік терапияға дербестендірілген тәсілдер, онкологиялық науқастарға паллиативтік және қолдаушы көмек, онкологиядағы қарқынды және ноцицептивтік терапия ,әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеудегі хирургиялық тәсілдерді оңтайландыру (сүт безі обыры, онкогинекология, онкохирургия, онкоурология, онкогепатология), онкологиядағы мейіргер ісінің үштігі: практика, білім және ғылым.
Конференцияның барлық күндері медициналық техниканы, дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші жетекші фирмалардың көрмесі жұмыс істейтін болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады