Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана медицина университетінде Германия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен «Хирургия және медициналық білім берудің таңдаулы мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара көрнекті ғалым, хирург, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Қазақстанның хирургиялық және травматологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, профессор Гилен Васильевич Цойдың 100 жылдығына арналған. Конференцияның шеңберінде Гилен Цойдың құрметіне ескерткіш тақта ашылды, оның туыстары, достары, шәкірттері, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, академиктер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты - шұғыл хирургиялық қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, шұғыл хирургия мен травматологияда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануды, сондай-ақ медициналық білім берудің заманауи әдістерін талқылау.
Форум барысында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Азамат Дүйсенов ағымдағы жылдың сәуір айында бекітілген хирургиялық көмекті ұйымдастырудың жаңа стандарты туралы айтты. Конференция хирургиялық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін талқылауға арналған алаң болып табылады және елдердің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етпек.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары