22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбекпен бірге MediaLab журналистика орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтында орналасқан орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдай жасалған.
"Естеріңізде болса, Astana MediaWeek форумда біз медиа индустрияны зерттеумен, журналистика және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысатын орталық ашамыз деген едік. Енді, міне соның орайы бүгін келіп отыр. "MediaLab" орталығы медиа тұтыну паттерндерін ғылыми тұрғыда зерттеуді, журналистердің, әсіресе аймақтағы журналистердің біліктілігін арттыруды, салалық журналистиканы жетілдіруді, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді" деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.
Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау жасалады.
"Біз әлемдегі журналистика мектептерінің озық деген оқу бағдарламаларын “Ашық силлабус” жобасы аясында Қазақстанға әкеліп, үздік кітаптар мен оқулықтарды қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз", - деді Д. Қыдырәлі. Қорытындыда министрлер білім және ғылым саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев