6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстаналық мас жүргізуші полицейді көлігімен сйүреп кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мас жүргізуші – қылмыскер!» жергілікті рейдтік іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін мас күйінде ұстады. Сақшылардың тоқтату талаптарын елемеген жүргізуші жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, көлікті жүргізуін жалғастыра берген. Алайда ол көше қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде полицей көлікке жүгіріп келіп, есікті ашпақ болғанда жүргізуші жылдамдықты арттырып, инспекторды жол бойымен 20-30 метрдей сүйреп әкеткен.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Сонымен қатар 23 жастағы жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталған. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі