Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстана қаласы әкімдігі Ашық НҚА порталында қайтыс болған адамды жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын қоғамдық талқыға ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ережеге сәйкес, Астана қаласының әкімдігі әрбір қайтыс болған адамды жерлеу үшін зират қорымынан кемінде 6 шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі. Зират қорымындағы бос жер учаскелері туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсынан алуға болады.
Қайтыс болған адамды жерлеу үшін оның жақындары зират әкімшілігіне "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәлікті немесе №045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті өткізуі тиіс. Оның негізінде зират әкімшілігі қайтыс болған адамды жерлеу туралы есеп жүргізеді, - делінген ақпаратта.
Ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
Ал қайтыс болған адамды басқа туысының зиратына жақынырақ жерлеу үшін оның туыстық жақындығын растайтын құжатты ұсыну керек. Сондай-ақ, ереже жобасында туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізілетіні жазылған.
Құжат жобасын талқылауға 4 сәуірге дейін уақыт берілген.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек