Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласында мәнерлеп сырғанаудан «ASTANA OPEN» қалалық ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.
14-16 қараша аралығында еліміздің үздік мәнерлеп сырғанаушылары «Алау» мұзайдыны сарайында бас қосады.
«Қалалық ашық чемпионат елордада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылғалы отыр. Биыл жарысқа балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысады. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда қаланың ашық чемпионатына қатысуға Астана, Алматы қаларымен қатар Қарағанды, Атырау, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан 250-ге жуық өтінім қабылданды. Жас конькимен жүгірушілердің өнерін жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайтын болады. Бұл дегеніміз жарысты жоғары деңгейде өткізуге және әділ төрелікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған іс-шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізілетін болады», - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына 24 ең мықты спортшыдан Астана қаласының құрама командасы жасақталады.
«Бұл жарыста біз ең мықты деген елордалық спортшылар арасынан 24 таңдаулы спортшыны Астана қаласының құрама командасына қабылдаймыз. Олар алдағы 20-24 қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан ҚР жастар чемпионатында өнер көрсететін болады. Сондықтан, республикалық аренада қаламызды лайықты танытатын мықты команданы таңдау біз үшін өте маңызды», - дейді Астана қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира Тұрғанова.
Айта кетейік, көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін. Сондай-ақ, чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?