22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАталған жарыс Астанада мәнерлеп сырғанаудан «12-16 қараша күндері «Алау» мұз сарайында ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мұндағы басты мақсат – Астана қаласында және Қазақстан Республикасында мәнерлеп сырғанауды насихаттау және мәнерлеп сырғанаудан 2023-2024 жж. Қазақстан Республикасының біріншіліктеріне қатысу үшін Астана қаласының құрама командасына іріктеу.
Жарысқа қаланың барлық спорт ұйымдары, Қазақстан Республикасының барлық қалаларының командалары қатысады.
Жарыс бағдарламасы бойынша «Жас мәнерлеп сырғанаушы» санаты бойынша
ұлдар мен қыздар 2018 ж.т.;
ұлдар мен қыздар 2017 ж.т.;
ұлдар мен қыздар 2016 ж.т.;
• 3 жасөспірімдер: ұлдар мен қыздар
• 2 жас: ұлдар мен қыздар
• 1 жас: ұлдар мен қыздар
• 2 санат: ұлдар мен қыздар
• 1 санат: ұлдар мен қыздар
• CMS: ұлдар мен қыздар
• МС: ерлер мен әйелдер сынға түседі.
Жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылық жасауды «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Астана қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясы» ҚБ, Астана қаласы әкімдігінің «№2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жүзеге асырады, - деп жазылған қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев