Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрРеспублика күні Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттары салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа баспаналы болған азаматтарды құттықтай отырып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Президенттің басшылығымен тек тұрғын үй саласы ғана емес, әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттары қарқынды дамып келеді. Адал еңбек еткен азамат мемлекет пен қоғамның қолдауын әрқашан сезінетіндей жағдайлар жасалып жатыр. Мәселен, 2021 жылдан бастап азаматтар зейнетақы жинақтарын пайдаланып, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алды. Осы уақыт ішінде 2 миллионға жуық қазақстандық бұл мүмкіндікті пайдаланды. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемі айтарлықтай артты. Үкімет мұндай тұрғын үй көлемін төрт есе арттыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы Қазақстан Президентінің атынан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне 65 пәтердің кілті табысталған болатын. Биыл бұл бастама жалғасын тауып, 67 жаңа пәтер берілді. Бүгінгі мәдениет саласы қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын тапсыру – Мемлекет басшысы саясатының заңды жалғасы. Мәдениет саласы – қоғам дамуының маңызды элементі, сондықтан ол мемлекеттің назарында болады. Сіздерге жаңа үйде береке-бірлік, денсаулық және бақыт тілеймін, – деді министр.
Негізінен пәтер иегерлері – ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жалғызбасты аналар.
Жаңа пәтерге ие болған жандардың бірі – Самал Әжмұратова. Ол – 5 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Қазақ ұлттық өнер университетінде 16 жылдан бері педагог болып жұмыс істейді.
Бүгін менің отбасым үшін жаңа бір кезеңнің бастауы, өйткені біздің өз үйіміз болған жоқ. Пәтер алуға көмектескендерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Мұндай бастама – өз елінің игілігі үшін еңбек етіп жүрген қызметкерлерге үлкен қолдау, – деді Самал Әжмұратова.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова