Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыОқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордалық №37 мектеп-лицейінде өткен Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды EL.KZ министрлікке сілтеме жасап.
Министр былтыр оқушылар арасындағы Дүниежүзілік гимназиадаға қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып, командалық есепте үшінші орын алғанын атап өтті.
Дүниежүзілік гимназиадаға 64 мемлекет қатысты. Әрине, үздік нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттендік. Десе де балаларымыздың нәтижесі біз күткеннен де асып түсті. Командамыз жеңіске жетіп, Гимназиадада құрметті үшінші орынды иеленді. Бұл балаларымыздың өте үлкен жетістігі. Алдағы жылдары да осы іс-шараларға қатысамыз, - деп айтты министр Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ ведомство басшысы 2022-2023 оқу жылында Ұлттық мектеп лигасына бірқатар жаңалық енгізілгеніне тоқталды. Биылдан бастап шахматтан жарыстар алғаш рет енгізіліп отыр.
Жақында ғана елімізге Халықаралық шахмат федерациясының басшысы келгенін білесіздер. Ол еліміздің Президентімен кездесіп, шахмат қозғалысын дамыту мәселесін талқылады. Бұған дейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шахмат қозғалысын қолдау және дамытуға қатысты тапсырма берген болатын. Президент білім беру ұйымдарымызда мектеп лигасын да, жалпы дене шынықтыру спортын да дамыту жөнінде тапсырмалар берді. Сол себепті біздің министрлік осы бастаманың барлығын қолдап, дамытуға бар күш-жігерін салып жатыр, – деді Асхат Аймағамбетов.
Биыл да Лига арқылы дене шынықтыру мұғалімдерінің рейтингін өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ спорт федерацияларымен бірлесіп, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары өтеді.
Ұлттық мектеп лигасын Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы 2015 жылдан бері өткізіп келеді. Лига төрт кезеңнен тұрады: мектепішілік іріктеу, аудандық/қалалық жарыстар, облыстық тур және қорытынды республикалық жарыстар.
Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыКеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?