Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Астанада жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) желісін кеңейтудің екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында елордада тағы 20 станция салынып, жаңа бағыттар оң жағалауды, Жағалау тұрғын алабын және Қосшы қаласын қамтиды. Қазір кейбір учаскелерде құрылыс басталса, енді бірінде дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
ЛРТ ескі теміржол вокзалына дейін барады
City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, екінші кезең аясында оң жағалауда бес жаңа станция салу көзделген. Олар Сарыарқа және Жеңіс даңғылдары бойында, сондай-ақ «Астана-1» теміржол вокзалы маңында орналасады.
Бұған дейін CTS басшысы Асылбек Дүйсебаев ЛРТ желісін «Хан Шатыр» сауда орталығы маңынан Кенесары және Жеңіс даңғылдары арқылы ескі вокзалға дейін жеткізу жоспарланғанын мәлімдеген еді.
Компания бұл бағыттың өзгермегенін растады. Дегенмен әзірге станциялар мен эстакаданың құрылысы басталған жоқ. Қазір мамандар геологиялық зерттеу жүргізіп, алдағы құрылысқа дайындалып жатыр.
CTS өкілдерінің түсіндіруінше, негізгі құрылыс жұмыстары жер қыртысын зерттеу аяқталғаннан кейін қолға алынады.
Ал жобаның нақты құны мен аяқталатын уақыты әзірге белгісіз. Құрылыс мерзімі қаржыландырудың уақытылы бөлінуіне байланысты анықталады.
Қосшыға баратын бағытта құрылыс басталды
ЛРТ-ның екінші кезеңіндегі маңызды бағыттардың бірі – Астананы Қосшы қаласымен байланыстыратын желі.
Бұл учаскеде құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Қазіргі уақытта эстакада мен оның тіректері тұрғызылып жатыр.
Жаңа бағыттың ұзындығы 9 шақырым болады. Осы аралықта үш станция салу жоспарланған.
Бұған дейін CTS өкілдері қаржы жеткілікті бөлінген жағдайда Қосшы бағытындағы құрылысты 2027 жылдың соңына қарай аяқтауға болатынын айтқан. Алайда компания соңғы мәліметінде бұл мерзімді нақты растаған жоқ.
Оң жағалауға және Қосшыға бағытталған желілердің құрылысы қатар жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
ЛРТ-ның жалпы ұзындығы 49 шақырымға жуықтайды
Екінші кезең аяқталғаннан кейін Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі едәуір кеңеймек. Жаңа желілер үш бағытты қамтиды:
Екінші кезеңде барлығы 26,51 шақырым жаңа жол мен 20 станция салу көзделген.
Қазіргі қолданыстағы бірінші кезеңнің ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды және 18 станциядан тұрады. Осылайша екі кезең толық іске асқанда ЛРТ желісінің жалпы ұзындығы 48,91 шақырымға жетіп, станциялар саны 38-ге дейін көбейеді.
Құрылысқа байланысты Астанада бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі
ЛРТ желісін кеңейту жұмыстары елордадағы көлік қозғалысына да әсер етеді. Астана әкімдігінің хабарлауынша, 7 қазаннан бастап екінші кезеңнің құрылысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілді. Атап айтқанда:
Әзірге аталған учаскелердегі шектеулердің қашан алынатыны хабарланған жоқ. Қала әкімдігі жүргізушілерге жолдағы өзгерістерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?