Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада LRT құрылысында 1200 Қытай азаматы және 700 Қазақстан азаматы еңбек етіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерболат Абулхатин мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрылыс жұмыстарына жалпы 1900 адам тартылған. Қазақстандықтардың басым бөлігі автосамосвалдар мен кран қондырғыларының жүргізушілері ретінде еңбек етеді.
Биыл LRT құрылысында негізінен рельс төсеу жұмыстары басталады. Сондықтан қазақстандық жұмысшылар саны артады деп ойлаймын, – деді Әбілхатин.
Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT станциясының жөндеу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталатынын айтқан. Ал алғашқы жеңіл рельсті пойыздар Қытайдан қыркүйек айында жеткізіледі.
Қазіргі уақытта Астанада LRT жүйелерін пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу бойынша мамандар даярлануда. Жеңіл рельсті көлікке жұмысқа қабылданатын 29 болашақ қызметкер екінші оқу модулін меңгеріп жатыр, одан кейін олар Қытайдың Тяньцзинь қаласында оқуды жалғастырады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?