15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАстанада LRT-де жол жүру құны 100-ден 200 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
LRT билетінің бағасына келсек, жобалық тариф белгіленген. Қазірше 100-ден 200 теңге аралығында деп болжанып отыр. Әзірге осы межеде қала береді, – деді әкім.
Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек елордадағы ақылы тұрақтарды жаңа инвесторға беру туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінде жоқ.
Мен осыдан 2-3 ай бұрын алдын ала айтқан болатынмын. «Астана тұрақ кеңістігі» мекемесін коммуналдық меншікке өткізу жоспарланған. Бұл мәселе бойынша қазіргі уақытта Көлік басқармасы инвестормен келісімшартты тоқтату бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Мекеме толықтай коммуналдық меншікке өтеді, – деді қала басшысы.
Айта кетейік, LRT жобасын биыл күзде тестілік режимде іске қосу жоспарланып отыр.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады