6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада лифтіде кішкентай қызға тиіскен 40 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тағы бір таңғаларлық видео тарады. Кадрларда лифтіде кішкентай қызбен жалғыз қалған ер адамның оған тақалып тұрғанын көруге болады. Лифт тоқтап, есіктерін ашқаннан кейін қыз тез жүгіріп шығып кетті.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, 40 жастағы ер адам анықталып, Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында лифтіде ер адамның кішкентай қызды зорламақ болған деген видео анықталды. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу), 440-бап(Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Баланың заңды өкілдерінен арыз келіп түсті, - деді полиция басқармасы өкілдері.
Астана полиция департаменті ата-аналарға қырағы болуға және кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі