Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек13 қарашада Астанада жөндеу жұмыстары кезінде лифт құлап, бірнеше жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай Мұқан Төлебаев көшесіндегі «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болған.
Тұрғындардың айтуынша, үй пайдалануға берілген алғашқы күндерден бастап лифт жүйесінде жиі ақаулар тіркелген. Кейбір тұрғындар бірнеше рет лифт ішінде қалып қойған, ал техникалық бұзылулар мен кішігірім апаттар тұрақты түрде қайталанып отырған, – делінген желідегі жазбада.
Денсаулық сақтау басқармасының түсініктемесі
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді:
Төлебаев көшесінде жөндеу жұмыстары кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан лифт компаниясының бір қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі қызметкер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.
Бір науқастың жағдайы – орташа ауыр, екіншісінікі өте ауыр деп бағалануда. Бірі анестезиология және жансақтау бөлімінде, екіншісі ем қабылдап жатыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты полиция тексеріс жүргізіп, мән-жайын анықтап жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?