6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада Күйші Дина көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты 5 айға жуық уақытқа жабылатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев пен Абылай хан даңғылдарының арасындағы учаскеде Күйші Дина көшесінің құрылысын бастайды.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 сәуір мен 30 тамыз аралығында Күйші Дина көшесіндегі «Мирас» мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Астана әкімдігі таратқан хабарламада.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі