Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада "Яндекс" компаниясының курьерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ереуілге шыққандардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Астана қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, ондаған мопедшілер жиналған.
ЕХРО аумағында еңбек жағдайларына наразы болған "Яндекс" компаниясының курьерлері жиналды. Содан кейін жастар Қабанбай батыр даңғылындағы "Қазақстандық күн" монументіне скутерлермен барды. Олар жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізген.
Ереуілге қатысушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы, 1-бөлігі "Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндерге 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген болатын. Еңбек министрлігінің мәліметінше, елде 500 мыңнан астам курьер бар. Мәселен, олардың бірі жеткізу қызметінде бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Министрлік айына жарты миллион теңгеге жуық жалақы алады, сондықтан салық төлеуге міндетті деп отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары