Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорданың коммуналдық қызметі қардың қалың жаууына байланысты күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 300-ге жуық жол жұмысшысы мен 1,3 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының жазуынша бүгін кешке елордадан 54 мың текше метрден астам қар шығарылған. Бұлардың барлығы 3 869 жүк көлігіне тең болып отыр.
Қыс басталғаннан бері полигондарға 3,7 млн текше метр қар немесе 277 300 жүк рейсі шығарылды. Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигоны орналасқан. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 6 ақпанда Астанада күн бұлтты. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соққан жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -1-3 градус нөлден төмен болады деп күтілуде.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?