6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРеспублика күніне орай астаналық куберлер «Mega silk way» сауда-ойын сауық орталығында мемлекеттік ту мен Қазақстан картасының бейнесін рубик текшелерінен құрастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, паноны салу үшін 3 мың текше қолданылды. Көрерменнің айтуынша, креативті жоба ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Салмағы 500 келі болатын картинаны куберлер 6 сағатта құрастырды. Республикалық спидкубинг федерациясының мүшелері жастар мен балаларға шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Республика күніне орай MEGA SILK WAY сауда, ойын-сауық орталығының ұсынысын қабыл алып, Қазақстан картасында орналасқан еліміздің туын рубик текшелерімен жинаймыз деп шештік. Барлығы алты жігіт қатысты. Біздің мақсатымыз - Қазақстанда спидкубинг спортын дамыту және еліміздің туын, елге қатысты басқа да суреттерді құрастыру арқылы көрерменнің патриоттық сезімін арттыруға ат салысу, - деді Республикалық спидкубинг федерациясының мүшесі Шыңғыс Қайырылбаширов.
Куберлердің өнерінен соң іс-шара мерекелік концертке ұласты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі