13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕлордада алғашқы ірі креативті хаб өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, шығармашылық кеңістік мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында бұл сала еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенім білдірген еді.
Креативті хабтың ашылу салтанатына мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. Қонақтар сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен танысып, ұлттық болмысты сақтауда қазақтың дәстүрлі ою-өрнегін қастерлеп-насихаттаудың маңызы зор екенін айтты.
Ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимарат нетворкинг жасап, креативті индустрия жобаларын жүзеге асыру алаңына айналмақ. Хаб бірнеше бағыттағы аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, кітап дүкені мен отандық баспалардың өнімдеріне арналған оқу залы, этно-мұражай, қолөнер шеберханалары, заманауи өнер қойылымдары, музыкалық және әдеби кештер алаңы, сонымен қатар «Smart nomad games» жобасы мен заманауи өнер галереясы бар.
Осындай хабтарды Қазақстанның барлық аймағында ашу жоспарлануда. Олар шығармашылық жобаларды іске асыруға және коммерцияландыруға, сондай-ақ шығармашылық нарыққа жүздеген маман қосуға ықпал етеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды